Сенбі, 04 мамыр, 00:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Басты талап – қаланың сәулеттік келбеті мен тазалығын сақтау

06.08.2023

716 0

Қаланың келбетті көркі тазалыққа тікелей байланысты. Алайда, кәсіп иелері мен жеке сектор тұрғындары көше бойларына, көпқабатты үйлердің аулаларына бейберекет қоқыс және құрылыс қалдықтарын тастау әрекеттерін азайтар емес.
Осыған байланысты қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһардың сәулеттік келбетін қалыптастыру, ғимараттардың сыртқы қасбеттерін ретке келтіру, абаттандыру және көркейту, ең бастысы санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қолға алынды.
Бүгін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізген тексеруінде жеке және заңды тұлғалардың құрылысы толық бітпей қараусыз қалған ғимараттарын, құрылыс қалдықтарын арнайы шақыртусыз қоқыс аумағына төгуі, қоршаудың талапқа сай орнатылмауы, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері секілді бірнеше фактілерді анықтап, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген жеке және заңды тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімдеді.
Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.
Барша қала тұрғындарын, кәсіп иелерін және құрылыс қызметінің субъектілерін өзіне тиесілі нысан аумағаның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге шақырамыз және нысанның сыртқы келбетін эстетикалық талапқа сай ұстау қажеттігін ескертеміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: