Жұма, 26 шiлде, 14:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Жұлдызай Дүйсенбиева блогерлікке қалай келгенін айтты

26.07.2024

101 0

Фото: ашық дерекөз

Әлеуметтік желіде актрисалығымен қатар блогер болып танылған Жұлдызай Дүйсенбиева вайн түсірудің қызығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі пандемиядан кейін желі жұлдызына айналғанын «Мамский әңгіме» подкастында айтып берді. 

“Карантиннің салқыны бізге де тиді. Пандемия кезінде барлық нәрсе тоқтап қалды. Біз өнер адамы ретінде бірнәрсе жасап, ішімізден бірдеңе шығарғымыз келді. Оның алдында жанымдағы көмекші қыз-жігіттер айтып жүргенде «әлеуметтік желіде парақшам жоқ» деп, белсенді болмай жүрдім. Жұрттың парақшасын қарасам, таңертең тұрып жуынғанын салады. Мен ондай жасай алмаймын деп ойладым», – деп бастады әңгімесін актриса. 

Айтуынша, әзіл әлемінің жұлдызы тәрбиесінен ұялып, жасына сай іс-әрекет жасап, ұятқа қаламын ба деген қорқыныш болғанын жасырмады. 

“Бірде маған Айнұр Тұрсынбаева «вайн түсіріп көр» деді. «Ойбай, оны қалай түсірем?» деп қобалжыдым. Вайн деген бір-ақ минуттық нәрсе, ал менің сахнадағы ойнап жүрген қойылымдарым кемінде 15 минут, оның бастауы бар, кульминациясы бар, оның бәрін мен бір минуттық вайнға сыйғыза алмаймын деп ойладым. Қазір заман талабы сондай деп жігіттермен ақылдасып «жарайды, бір вайн түсіріп көрейік, өтсе, өтті, өтпесе, осымен қоямыз» дедік. Халық жақсы қабылдады. Содан вайн деген дүниеге кіріп кеттім”, – деп күлді өнер иесі.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: