Сәрсенбі, 01 мамыр, 02:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Асхат Аймағамбетов трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге жақтасты

17.01.2024

413 0

Сурет: stan.kz

Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазір мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барып, жұмыстан шығып қалған қызылордалық мұғалімдерді жақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде ұстаздардың видеосы пайда болып, ол ата-аналар мен әріптестерінің наразылығын тудырған. Соңында екі мұғалім қызметінен кетті.

Аймағамбетов мұғалімдер де өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін еске салды. Олардың да жеке өмірі мен құқығы бар дейді ол.

«Мұғалімдер де – бәріміз сияқты азамат. Олардың құқығын шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олар қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек. Ал бұл жағдайда істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек», – деді Аймағамбетов.

Еске салсақ, Қызылордалық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан шығып қалғаны айтылды. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға түсініктеме беріп, олар жұмыстан өз еркімен шыққанын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: