Бейсенбі, 22 тамыз, 16:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66-2076
20.08.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлерінің жеке көліктері тексерілді

22.08.2024

58 0

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің жеке автокөліктері тексерілді. Алдын алу іс-шарасы мекеменің кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен өтті. Автокөліктер  жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен тексерілді.
Шара барысында автокөліктердің техникалық жағдайын, жарық көздерінің жұмыс істеуін, медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы және басқарып жүруге қажетті құжаттары мен сақтандыру полюсінің мерзімдері тексерілді. Сонымен қоса Жергілікті полиция қызметкерлерімен көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, алкогольдік ішімдіктер ішпеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
– Жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары жоспарға сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары мен нұсқаулар жүргізіліп отырады. Тексеру нәтижесінде, жеке құрам көліктерінің техникалық жай-күйі қалыпты жағдайда және жүргізу бойынша мерзімі өткен құжаттар анықталған жоқ.Ең бастысы әр әрбір қызметкер өзінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тиіс, – деді мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Замира Бостанова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: