Жұма, 26 сәуiр, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ауылдасының ақшасын алдап алған алаяқ ұсталды

12.08.2021

528 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша былтырғы жылдың желтоқсан айында танысы «ақшанды еселеп алып беремін» – деп алдап, қармағына түсірген. Салған ақшаң көбейіп қайтарылатын болады деп сендіріп, 1 млн 500 мың теңгесін алып, осы күнге дейін қайтармай қойған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол 44 жастағы аудан орталығының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: