Сенбі, 27 сәуiр, 05:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

2 миллион ақшасын алдап алған

12.07.2021

892 0

Қызылорда облысының тұрғыны танысының сеніміне кіріп, «Қызылорда қаласынан үй алып беремін» деген желеумен 2 миллион ақшасын алдап алған. Алаяқ ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері келісілген уәде бойынша осы күнге дейін үй алып бермей қашып жүрген. Сондықтан жәбірленуші полицияға жүгінуге тура келген.   

Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің  Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: