Жексенбі, 25 тамыз, 04:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67-2077
24.08.2024
PDF мұрағаты

Бала тәрбиесі маңызды

24.08.2024

188 0

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы және Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дайындық» атты облыстық ата-аналар жиналысы өтті.

Шараға қалалық, аудандық, ата-аналар комитетінің төрағалары мен сала мамандары қатысты. Жиналыс мақсаты – еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы ата-аналар мәдениетін қалыптастыру. Шараға жиналған сала мамандары мен ата-аналар бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді қызу талқылап, өз ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Ашылу салтанатында «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы басшысы Шәкизат Қаратайұлы баланың дамуына назар аудару және оның пікірін ескеру қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Әрбір ата-ана құмар ойындардың, суицидтік ойлардың немесе ерте жүктіліктің алдын алу үшін не істеу керек екенін, ата-аналарға да, балаларға да осы проблемалардың салдарын ақпараттандырып, болдырмау үшін шаралар қабылдау маңыздылығын атап өтті. Басқосудың келер ұрпақ үшін жөні бөлек, мазмұны терең екенін тілге тиек еткен облыстық білім басқармасының Тәрбие спорт және қосымша білім беру орталығы, қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Мағжан Қанатұлы бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді, оларға қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік пен жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі әр қадам келешек ұрпақ өміріне әсер ететінін айтты. Сонымен қатар шарада Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, ювеналды полиция бөлімшесі аға учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Алдабергенов кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі, «Қарызсыз қоғам» жобасының тренері Наталья Мишукова ата-аналар мен балалардың қаржылық сауаты мәселесіне тоқталды. Бүгінгі ата-аналардың қаржыны дұрыс пайдаланбау салдарынан қоғамда туындаған өткір мәселелерді айтып берді. Басқосуда сөз алған облыстық психологиялық қолдау орталығы КММ-нің психологы Жания Бисенова балаларға психологиялық қолдау көрсету маңызды екенін түсіндірді. Қоғам назарын бала тәрбиесіне аударуды көздеген ауқымды шараға аймағымыздан жүзден аса ата-ана мен мамандар қатысты. Жиын соңында шараға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

София Темірболат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: