Жексенбі, 08 желтоқсан, 13:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері спорттан өмір бойына шеттетілмек

24.08.2024

1062 0

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни спорттан өмір бойына шеттетілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Алексей Ни бас бапкер болған кезде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған еді. 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Ни қазір спорттан уақытша шеттетілген.

«63 жастағы маман уақытқа спорттан шеттетілген. 2017 жылы ХОК жанынан құрылған Халықаралық тестілеу агенттігі тараздық азаматты өмір бойына дисквалифицировать туралы ресми хабарлама жіберген. Осы атышулы іс бойынша ITA тергеуі қазір аяқталуға жақын», – деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы.

Федерация сонымен қатар Алексей Нидің жетекшілігімен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген ағасы Виктордың да жазаға тартылатынын айтты. Виктор Ни 4 жылға уақытша дисквалификацияланған.

Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов осы жүлделерді жеңіп алғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң алтындарынан айырылған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: