Жексенбі, 08 желтоқсан, 15:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

“6 мемлекет жерімізді сатып алды“: Саясаткер

24.08.2024

382 0

Сурет:видео кадр

Саясаткер Дос Көшім «Күлтөбе» youtube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанның жерін қай мемлекеттер сатып алғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, жерді сату мәселесін 2015 жылы парламенттегі депутаттар қозғап, кейін бұл заң жобасы мақұлданған.

«2002 жылы алғаш рет жерді жекеменшікке беру мәселесін премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов көтерді. Ұсынылған жобасы Парламенттен өтпей қалды. Тасмағамбетов Қазақстан тарихында болмаған отставкаға кетті. Екінші рет салып, жерді сату Жер кодексінің қабылданған уақыты. Кім кінәлі десек, 2015 жылы 15 қарашада 1 млн 600 гектар жерді сату мәселесін көтерді. Бұған қол қойған және заңды қабылдаған парламенттің депутаттары. Ешқайсысы жауапқа тартылған жоқ. Содан кейін 0,6 пайыз жер сатылып кетті. Ең бірінші жерді 6 ел алған. Сәуірден бастап жер дауы деп көтеріліске шықты ғой. Ал жер соған дейін сатылып кеткен. Ең көп жерді алған Ресей, екінші орында Кипр, үшінші орында арабтар, төртінші орында қытайлар. Негізінен Қазақстанның жерін жалға алып жатқанның ішінде ең көп алып жатқаны Ресей мен Қытай. Одан кейін айқау-шу болды, жер комиссиясы құрылды. Соның өзінде 0,6 пайыз жер сатылып кетті», – деді саясаткер.

Саясаткер жер мен сату ұғымдары бір-бірімен ұйқаспайтынын айтты.

«Менің ойымша, кінәлі сол депутаттар. Сол депутаттар жазаға тартылуы керек. Аспан, жер, ауаны тауар деп есептемеймін. Тауарды ғана сатып алады. Бұл – менің ең қарапайым дәлелім. Жер мен сату деген ұғымдар бір-бірімен ұйқаспайды. Қазір енді біз жеңдік. «Шетелдің компанияларына жалға берілмейді және жер сатылмайды» деген заңымызға кірді. Сол заңды қабылдағанша 10 жыл уақыт өтті. Үш күн ішінде қабылдайтын қазақтың билігі 10 жыл бойы соны қабылдағысы келмеді»,- деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: