Сейсенбі, 01 қазан, 14:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Дәстүрлі ретро-фестиваль өтті

01.10.2024

82 0

Қала күні мерекесі аясында Тұңғыш Президент саябағында «Жастық шағымның куәсі – Қызылорда!» атты ретро-фестиваль өтті. Жанды дауыстағы дәстүрлі ретро-фестивальге аймаққа белгілі 5 вокалды аспапты ансамбль қатысты. Ашық аспан астындағы мәдени шара қала өнерпаздарының тақырыптық қойылымымен басталды.

Өнер кешіне қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қатысып, қала тұрғындарын шаһардың төл мерекесімен құттықтады. Шаһардың мәдени-рухани тынысына дем берген бірқатар өнер майталмандарына және қатысушы ансамбль жетекшілеріне шаһар басшысының арнайы алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстаған қала әкімінің орынбасары дәстүрлі өнер мерекесі жемісті болсын деген лебізін білдірді.
Мұнан соң кеш көркін қыздырған Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылының «К 4», Қазалы ауданының «5-ші аймақ», Сырдария ауданының «Достар», Жаңақорған ауданының «Экспресс», А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке» вокалды аспапты ансамбльдері қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады.
Дәстүрлі фестиваль жыл өткен сайын ауқымын кеңейте бермек.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: