Дүйсенбі, 07 қазан, 06:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірімдер тәрбиесі басты назарда

01.10.2024

95 0

Қызылорда қаласы бойынша жалпы орта білім беру мекемелеріндегі білім алушыларға кәмелетке толмағандар арасында орын алатын бұзақылық, буллинг, әлеуметтік желі қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, жол көлік оқиғаларында орын алатын қылмыстар жайлы кеңінен айтылып, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Кезекті басқосуға облыстық білім басқармасының тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Фархат Досаев, Қызылорда облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Раушан Есенжолқызы, қалалық білім бөлімінің теолог маманы Мақсат Орынбаев және Күзет қызметін бақылау бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Нағашыбай Жалғасбаев қатысып, оқушылармен пікір алмасып, келелі кеңес берді.
– Бала тәрбиесі – тек ата-ананың немесе мектептің маңайындағы ғана мәселе емес. Ол – тұтас қоғамның мойнындағы жүк. Сондықтан біз бұл мәселеде қырағылық танытуымыз керек. Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан, сол үдеден шығуға лайықты болу үшін біз оларды барынша қолдаймыз, – дейді ұйымдастырушылар.


«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: