Сәрсенбі, 02 қазан, 15:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық банк мысықтың суреті бар жаңа тиындарды айналымға шығармақ

02.10.2024

105 0

Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан “Шаңырағыңыз шаттыққа толсын” коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Су жаңа монеталар 3 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкенінде сатылымға шығады. 

«Шаңырағыңыз шаттыққа толсын (Үйіңде тыныштық болсын) монетасы жер бетіндегі бейбітшілік пен ошақ жылуын білдіреді. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелеріне тыныштық пен береке болсын деген тілектк айтылады”, – делінген хабарламада.

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: