Жексенбі, 05 мамыр, 07:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Қызылорда – кітап оқитын қала»

06.12.2022

667 0

         Соңғы кездері жастар арасында кітап оқуға деген құштарлық жиі байқалып жүр. Адам санасын рухани толыстыруда кітаптың берері мол. Жуырда қала тұрғындары үшін, оның ішінде кітапқұмар жандарға арналып орталық алаңда қобыз бейнесіндегі кітап сөресі ашылған болатын. Бұл игілікті іс – бүгінде көпшіліктің асыға келетін орнына айналған.

            Өткен аптаның сенбісінде «Қызылорда – кітап оқитын қала» ұранымен ауқымды іс-шара өткізілді. Ондағы мақсат сөредегі кітаптарды жаңа оқулықтармен толтыру, тұрғындардың сүйікті кітабын табуға септігін тигізу. Шараны ұйымдастырған «Access» бағдарламасының оқушылары. «The English Access Microscholarship Program» атауымен белгілі бағдарлама бойынша қаламызда 24 оқушы білім алады. Бұл АҚШ мемлекеттік департаменті жасаған халықаралық жоба. Оның қаламызда жүзеге асуына аталған департамент пен «Зерайна» қоғамдық фонды мұрындық болған. Ал, негізгі мақсаты – экономикалық жағынан қолайсыз топтағы жасөспірімдерге білім алуға, болашақта жұмысқа және жалпы өмірде жоғары мүмкіндіктер пен жетістіктерге қол жеткізуге көмектеседі.

         Аталған бағдарлама оқушылары ұйымдастырған қайырымдылық шарасының нәтижесінде 60-тан астам жаңа оқулық кітап сөресіне қойылды. Сондай-ақ, бұл шараға «Кітапқұрттары» клубының мүшелері де белсене атсалысты. Олар жастарға ағылшын тіліндегі кітаптарды тарту етті.

Ерікті түрде ұйымдастырылған қоғамдық іс-шара оқушыларға ерекше әсер берді. Олар кітап сөресінен өздеріне ұнаған оқулықтарын тауып, сонымен бірге өзгелерге де сый ретінде кітап тарту етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: