Сәрсенбі, 16 қазан, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Экотакси: қоршаған ортаны қорғаудың жаңа қадамы

05.10.2024

473 0

Экотакси – жай көлік емес, экологиялық бастама мен технологиялық прогрестің символы. Көміртегі шығарындыларын азайтуға және ауаның ластануын азайтатын электр таксилері бүкіл әлемде танымал. Электр таксилер Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында пайда болғанымен, бірақ қазірдің өзінде халықтың сеніміне ие болды. Экотаксидің эксплуатациялық шығындары бензин немесе дизельдік аналогтарынан төмен. Өйткені аккумуляторларды зарядтау үшін электр энергиясының құны әдетте дәстүрлі отынның құнынан төмен.

Бірер күн бұрын қала күні қарсаңында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не су жаңа экотакси табысталды. Қалаішілік көлік қатынасын одан әрі жетілдіру мен қоршаған ортаны ластанудан қорғауда елеулі қадам жасалды. Бұл инновациялық баламалы энергия көліктері ауаның ластануын азайтуға бағытталған. Заманауи, стильді, ең бастысы, экологиялық таза экотаксилер қала тұрғындары арасында тез танымал болуда. Соңғы технологиямен жабдықталған бұл таксилер көміртегі шығарындыларын азайтумен шектелмейді. Электр қозғалтқыштарының арқасында шуды азайтады. Экотаксилер 1,5 сағатта 100 пайыз қуатталады. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының айтуынша, қала тұрғындары алдағы уақытта экотакси қызметін пайдалану үшін арнайы қосымша арқылы тапсырыс бере алады.
– Бүгінде қалаішілік бағытта 52 экотакси қызмет көрсетуде. Аталған жұмыстар қызылордалықтар үшін такси қызметін оңтайландыру және қолайлы жағдайлар жасау үшін жасалуда. Бүгінде экотаксилерге тапсырыс беру үшін ұялы қосымша жүйесін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Таксилер тоқ қуатымен жүреді. Бұл артықшылық қалаішілік такси бағасын төмендетуге ықпал етпек, – дейді «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының уақытша міндетін атқарушы Әбдібәкір Маштаев.

Жасыл таңдау:
электр таксилер дәстүрлі бензин және дизельді таксилерге экологиялық таза баламасы

Еліміздегі экология мамандары экотаксиді енгізу қалалық инфрақұрылым мен көлік жүйесінің тұрақты дамуына маңызды қадам бола алатынын атап өтуде. Экотаксидің қоршаған ортаны сақтауда тиімділігі қандай? Осы ретте Қызылорда облысы бойынша экология департаменті зертханалы-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы пікіріне жүгіндік.
– Дәстүрлі көліктер бензин, газ немесе дизель отын түрлерімен қозғалғандықтан, атмосфералық ауаға белгілі көлемде ластағыш заттардың түрлерін бөледі. Бұл өз кезегінде белгілі бір деңгейде ауаның ластануына алып келеді. Ал электр энергиясымен қозғалатын көліктерден ондай ластағыш заттар бөлінбейді, сондықтан атмосфералық ауаға түсетін салмақ азаяды. Сондықтан электрмен қозғалатын көліктер экологиялық тұрғыдан тиімді, – дейді Қызылорда облысы бойынша экология департаменті зертханалы-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Венера Мустаяпова.
Экологиялық таза, көшелердегі шудың болмауы электромобильдерді пайдаланудың басқа да белгілі артықшылықтары түсінікті. Демек осы көлік түрлерін қалада енгізу экологиялық жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Эко көлік және жайлылық: жолаушылар үшін электр таксиді пайдаланудың артықшылықтары көп

Экотакси атмосфераны ластамайтындықтан, экологиялық тұрғыдан өте тиімді. Сонымен қатар, электр тасымалының құны дәстүрлі отынмен жүретін көліктерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл қалалық ортада қозғалыс кезінде шу мен газ шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Электр таксилердің пайдалану шығындары төмен болғандықтан, жолаушылар үшін бағасы қолжетімді. Бұл таксилердің батареяларын қайта зарядтау станциялары көбейіп келе жатқанын ескерсек, олардың қолданысы одан да ыңғайлы бола түседі. Электр таксилердің дизайны да заманауи және ыңғайлы болып келеді, бұл жолаушыларға қосымша ыңғайлылық сезімін береді. Осының барлығы электр таксилердің танымалдылығын арттыра түседі және қала ішіндегі көлік ағынын жақсартады.
– ЭкоTAXI қызметін пайдалану үшін яндекс қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады және автокөліктің қуатталған қуат көзі 460 шақырымға жетеді. Қала бойынша 10 дана көлікті тоқпен қуаттау құрылғысы орнатылып, оның 4 данасы серіктестіктің аумағында орналасқан, – дейді «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының уақытша міндетін атқарушысы Әбдібәкір Маштаев.

Экотакси –
әлемдік тәжірибе

Еліміздегі алғашқы электрлі экотаксилер ауаның ластану мәселесі ерекше өткір тұрған Алматы қаласында 2013 жылы, Астанада 2017 жылы қолданыла бастады. Содан бері елімізде электрмен жүретін такси саны үнемі өсіп, бұл бағыт мемлекет тарапынан да қолдау табуда. Ал әлемде электрмен жүретін таксилерді пайдалану әлдеқайда ертерек басталды. Біріккен Араб Әмірліктері, Норвегия, Қытай сияқты елдердің үлгісімен біздің ел де бұл тәжірибені белсенді түрде енгізуде. Жалпы бұл таксилер экологиялық таза ғана емес, жүргізушілер мен такси компаниялары үшін де тиімді. Электр энергиясының құны бензиннің құнынан төмен, бұл отынның құнын төмендетеді. Электрлік көліктер аз техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді, өйткені қозғалтқышы дәстүрлі көлік қозғалтқышына қарағанда басқаша жасалған. «Mordorintelligence» компаниясының «2024-2029 жылдары электр такси нарығының көлемі мен үлесінің өсу тенденциялары» атты зерттеуінде электромобиль-такси нарығы орташа жылдық өсу қарқыны 12%-дан асады деп болжайды. Әлемде экотакси енгізу деңгейі жоғары және такси инфрақұрылымы өте жылдам жетілуде Бұл тұрғыдан алғанда Норвегия бірінші орында тұр. Мысалы, 2019 жылдың наурыз айында Норвегия үкіметі ел астанасы Ослоның электр таксилері үшін сымсыз қуаттау жүйелерін орнатқан әлемдегі бірінші қала болатынын жариялады. Бұл қайта қуаттауды тездету үшін жеткілікті жылдамырақ және тиімді етті. Электрлік көліктердің ең үлкен нарығы – Қытайда. 2019 жылдың өзінде бұл елде экокөліктерге арналған 1,2 миллионнан астам қуаттау станциясы болды. 2019 жылы Қытайдың оңтүстігіндегі техно мегаполис саналатын Шэньчжэнь қаласы экологияны жақсартуда маңызды кезеңге қол жеткізді. Бұл қалада жұмыс істейтін такси паркінің 21 689 көлігі – экотакси, бұл шамамен такси паркінің 99 пайызын құрайды. Сол сияқты, Үндістанда үкімет «Ola», «Uber» сияқты ірі автопарк операторларын 2026 жылдың соңына дейін электр көліктерді көбейтіп, 40% электрмен қамтамасыз етпек. Алдағы уақытта әлем елдері көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және жаңартылатын энергия көздеріне көшуге ұмтылғандықтан, экотаксилер бұрынғыдан да кең тарайды деп күтілуде. Бұл ауа сапасын жақсартуға және қалалардағы шу деңгейін төмендетуге көмектеспек.
Экотакси – көліктің ыңғайлы және үнемді түрі ғана емес, қалалар мен елдердің тұрақты даму стратегиясының маңызды элементі. Көптеген басқа елдер сияқты Қазақстанда да электрлі таксилердің болашағы зор және олардың көлік жүйесіндегі рөлі тек арта түспек. Тұтастай алғанда, біздің қалада эко-таксидің іске қосылуы қазіргі қоғам алдында тұрған жаһандық экологиялық мәселелерге жауап ретінде әрекет етуге ынталандыратын белгі десек те артық болмас.

София
Хайруллақызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: