Сәрсенбі, 16 қазан, 15:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Ғалым да, шахтер да бас иетін…

05.10.2024

450 0

Оқу жылының алғашқы айын тәмамдай сала алтын түске боялған күз маусымының ең маңызды мерекелерінің бірі – ұстаздар күні келді. Қазақ «бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем беріп», құрмет төріне көтеретін қасиетімен ерекше. Осы дағдымен ұлағаттыларға деген құрметімізді білдіріп, басылымның арнаулы «Білім» бетін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында сала мамандарының еңбегіне құрмет білдіріп, шәкірттерге қолдау керегін нықтап айтты.
«Жақында өткен Дүниежүзілік олимпиададағы шахматшы қыздарымыздың жарқын жеңісі үлгі етуге тұрарлық. Біздің оқушылар математикадан, физикадан және басқа да пәндерден өткен олимпиадаларда жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр. Осындай талантты балаларды қолдап, олардың ұстаздарын ынталандыру керек. Таяуда академик Асқар Жұмаділдаев осы турасында: «Біздің спортшылар Олимпиадаға барып, қарсыластарын төпелеп ұрып, танауын бұзып келеді. Кейін оларды әуежайда қарақұрым халық қарсы алып құттықтайды, тіпті пәтер мен көлік сыйлап жатады. Ал математика, физика, химия пәндерінен өткен халықаралық олимпиадаларда бірінші орын алған балаларымызға мұндай құрмет көрсетілмейді» деп орынды пікір білдірді», – деді Президент.
Иә, Президент пәрменінің нәтижесінде алдағы уақытта да мұғалім мәртебесі көтеріліп, абыройы асқақтай бермек. Ұстаз алдын көрген әрбір адам мұндай жаңалық үшін бөркін аспанға ата қуанатыны хақ. Ендеше, біздің де ұстазға деген құрметіміз төмендемесі анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: