Сәрсенбі, 16 қазан, 17:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Өз таңдауын жасады

08.10.2024

172 0

Жексенбіде референдум учаскелерінде дауыс беру қарқынды жүрді. Қала халқы бірлік танытып, өз таңдауларын жасауға белсене атсалысты. Қала тұрғындары референдумда белсенділік танытты. Жалпы Қызылорда қаласы бойынша 126 дауыс беру учаскесі болса, барлығында жұмыс қызды. Тұрғындар таңнан бастап толассыз келіп, өз таңдауын жасады.

№11 Ә.Тыныбаев атындағы мектеп-лицейде орна­ласқан №225 референдум учаскесінде  дауыс беруге келген адам қарасы көп. Референдум учаскесінің хатшысы Алтынай Сәрсенованың айтуынша, тұрғындар белсенді. Олардың арасында 85 жастағы Айжамал әже бар. Батагөй ана маңызды шараға сәттілік тілеп, ақ батасын беріп, сый-сияпатқа ие болды. Еңбек ардагері Рамазан Молдашев та ертемен дауыс бергендер қатарында. Ал ең алғаш рет дауыс берген 2006 жылғы Сара Батыршаева  да өзінің жүрекжарды тілегін білдірді. «Алғаш рет дауыс бергеніме қуаныштымын» дейді ол.

«Нұр Орда» бөбекжай-балабақшасында орналасқан №385 референдум учаскесінде де тұрғындар легі толастамады. Жергілікті тұрғындар саяси шараға бейжай қарамайтындықтарын білдірді. 

– Ең алғаш дауыс берушілер мен үлкен кісі­лерге сыйлықтар берілді. Сонымен қатар ұлттық нақышта киініп келген отбасыға да құрмет көрсетілді. Келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қазақтың ұлттық тағамын ұсындық, – дейді №385 референдум учаскесінің төрайымы Айкерім Усерова.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: