Сәрсенбі, 16 қазан, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада алғаш рет Nasa Space apss challange хакатоны өтті

09.10.2024

220 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 5-6 қазан күндері жастар арасында ғарыштық технологиялар тақырыбындағы Nasa Space apss challange хакатоны өткізілді.
Хакатонға 270 қатысушы тіркеліп, 72 жобалық топ қатысты. Оның 40 жобасы оффлайн, 32 жобасы онлайн форматта бақ сынады.
Қатысушылар 48 сағат бойы ғарыштық саладағы инновацияларды көздейтін Nasa тақырыптарына сай жобалар жасады. Бұл жобалардың мақсаты – болашақтағы Жер мен ғарыштың зерттеу технологияларына серпіліс беру.
Жоба Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы, Kazakhstan Smart Space мекемесі, Атамекен ҰКП және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өтті. Ал демеушлілер қатарында Ерлан Раимов, Венера Даулетбаева, БанкЦентр Кредит бар.
Сайыстың нәтижесі 15 қазан күні эксперттер комиссиясының жобаларды бағалау процессінен кейін шығады. Қазақстанның ең үздік жобасы Nasa space apps challange хакатонының халықаралық этапына жолдама алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: