Дүйсенбі, 04 қараша, 03:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

«Сыр дарыны»: Білім академиясының жаңа кезеңі

21.08.2021

1554 0

Білім саласындағы бәсекелестікті арттыру, өрендердің ғылымға деген құлшынысын ояту – мемлекет алдындағы маңызды міндеттің бірі. Осыған орай аймақта мектеп оқушыларының ғылыми конференция, жарыстардан қалыс қалмауын, үздік нәтиже көрсетуін көздейтін көптеген жоба қолға алынды. Соның ішінде Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінде ұйымдастырылған «Сыр дарыны» білімділер ака-демиясының алар орны ерекше. Жақында аталған академияның жаңа маусымының ашылу салтанаты онлайн форматта өтіп, негізгі мақсаты сараланды.

«Zoom» платформасы арқылы ашылу салтанатына қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова академия білім бәсекелерінде топ жаратын сырбойылық дарынды балаларды даярлайтын ұстаханаға айналатынына сенім білдірді.

– Академия құрамына енген жас дарынды оқушыларымызға алдағы білім бәсекелерінде биік белестерді бағындыруды тілеймін. Зияткерлік жарыстарда көшбасшылық орынға ие болуы үшін біз барлық жағдайды жасауды жалғастыра беретін боламыз, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Айта кетейік, «Сыр дарыны» білімділер академиясының негізгі мақсаты – бастауыштан бастап, жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға белсенді қатысуын арттыру, жоғары нәтиже көрсетуге жұмыс жасау. Қазірдің өзінде білімділер академиясы физика, химия, математика, информатика, биология пәндері бойынша оқу курстарын бастады.

Жалпы академия құрамына облыс бойынша 100 оқушы түрлі білім сынақтары арқылы іріктеуден өтіп, таңдалған. Сонымен қатар ұйымдастырушылар 16-21 тамыз аралығында өтетін оқу курстарына белсенді қатысқан оқушылар апта соңында марапатталатынын жеткізді.

«Ақмешіт ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: