Сәрсенбі, 16 қазан, 15:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Бесарық ауылындағы бірқатар нысанды аралады

09.10.2024

421 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданындағы «Бесарық» ауылына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралап көрді.

Еске салайық, аймақ басшысы бұған дейін осы ауылдағы кейбір нысандарды жөндеу, қалпына келтіру жөнінде тапсырма берген болатын. Атап айтсақ, дәрігерлік амбулатория маңдайшасындағы тақтайшаны ауыстыру, аумағын тазалау, спорт кешені алдына төселген сапасыз асфальтты, жарамсыз брусчаткаларды жөндеу, спорт зал еденіндегі арнайы төсенішті ауыстыруды жүктеген еді.

Бүгінгі жұмыс сапарында аймақ басшысы жасалған жұмыстарды саралап, тапсырмалардың толық орындалуының нақты мерзімін белгіледі.

«Бесарықта» «Абай-Дәулет» серіктестігінің бастамасымен фри зауыты, «Ауыл аманаты» жобасымен наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім цехтары, жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар, сабын, ағаш бұйымдары өндірістері өз жұмысын бастады. «Қызылорда» супермаркеті мен дәмхана да тұрғындарға жоғары сапалы қызмет көрсетуде.

«Абай-Дәулет» серіктестігі «Бесарық» ауылын көркейту, көгалдандыру, күрделі жөндеу жұмыстарына соңғы жылдары 730 млн. теңгеден астам қаржы бөлді. Шаруашылық есебінен ауыл әкімдігі, мектеп, балабақша, мешіт ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Биыл 642 млн. теңгеге мәдениет үйіне күрделі жөндеу, орталық алаңға қайта жаңғырту жүргізіліп, жаңа өндіріс орталығы бой көтерді.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында да тұрғындарға қолдау көрсетілуде. Ауылдарда кепілдік мүлікке қатысты қиындықтар кезігетіні белгілі. Өткен жылы шаруашылықтың кепілдігімен «Сыр құсы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 27,6 млн. теңге несиеге қол жеткізді.

Биыл ауылда 1 мың шаршы метрлік шағын өндіріс орталығы салынып, 13 кәсіпкер өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Оның ішінде, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 жоба, Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 5 жоба және шаруашылықтың өз қаражаты есебінен 4 жоба бар, 25 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы жобаларға 960 млн. теңге инвестиция тартылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: