Сенбі, 04 мамыр, 02:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бей-берекет сауда жасайтындарға жауапкершілік күшейтілді

17.02.2024

359 0

Сурет: Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сауда орындарын заманға сай жабдықтау, сәулеттік келбетін ретке келтіру мақсатында өткен жиында қала әкімі Серік Қожаниязов бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Осыған сәйкес, арнайы құрылған жұмысшы топ сауда орындарын аралап, базар айналасындағы тротуарларда бей-берекет сауда жүргізіп отырған сатушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

​Аралау барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев кәсіп иелеріне белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол берілмейтіндігін атап өтті.

Апта көлеміндегі түсіндірме-ескертпелерді ескермеген, талаптарды орындамаған сауда иелеріне әкімшілік шара көріліп, айыппұлдар салынады.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: