Сәрсенбі, 16 қазан, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда алғашқы жасанды интеллект мектебі ашылмақ

10.10.2024

322 0

Фото: astanahub.com

Tomorrow School – білім беру саласында әлемге танылған жаңашыл педагог Николас Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесін пайдаланатын бірегей жасанды интеллект мектебі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп білім алушылар арасындағы тәжірибеге негізделген өзара байланысқа басымдық беріп, бағдарламалау дағдыларын нөлден бастап үйретеді. Мұндай бағдарламалар бойынша оқыған түлектердің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, әдістің тиімділігін айшықтады.

Tomorrow School-дың оқыту ерекшеліктері:

  • Мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ – оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген;
  • Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында оффлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар;
  • Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады;
  • Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді.

Іріктеу үміткерлердің логикалық ойлауын тексеретін 2 онлайн ойыннан және «бассейн» деп аталатын оқытудың кіріспе кезеңіне тікелей қатысуды көздейтін бөлімнен тұрады. Бірінші «бассейн» 21 қазан – 17 қараша аралығында өтеді, мұнда қатысушылар бағдарламалау әлеміне тереңірек бойлап, оқуды жалғастыру үшін өз мүмкіндіктерін бағалайды.

«Бассейннен» өткеннен кейін қатысушылар 18 айлық негізгі оқытуға көшеді. Бұл кезеңде олар 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, Golang, Rust, JavaScript, Python және басқа да 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгереді. Ақтық мәреде студенттер мына мамандықтардың бірін таңдауға мүмкіндік алады: ЖИ-инженері, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, фулстек-әзірлеуші, мобильді қосымшалар әзірлеушісі, DevOps инженері, IT жүйелерінің сәулетшісі, киберқауіпсіздік маманы және бейнеойындар әзірлеушісі. Ал «бассейн» барысында үздік нәтиже көрсеткен өзге қаладан келген қатысушыларда негізгі оқу уақытында тұрғын үймен қамтылу мүмкіндігі бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: