Сәрсенбі, 16 қазан, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды

09.10.2024

38 0

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру мақсатында спорттық іс-шара өтті. Бұл шара мекеменің әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі мен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бұқаралық спорт бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысқан сотталғандар гір көтеру және командалық арқан тартудан жарысты. Қатысушылар белсенділік танытып, өз командаларының жеңісі үшін бар күш-жігерлерін салды. Әрбір сайыс ерекше бәсекеге толы болып, жарыс барысындағы достық пен ынтымақтастық атмосферасы сезілді.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанған командалар мекеме басшылығы тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың физикалық және психологиялық жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.

«Бүгін мен үшін ерекше күн. Гір көтеру сайысында жеңімпаз атанып, өзімді мақтан тұтып отырмын. Спортпен шұғылдану тек физикалық күшті арттырып қана қоймай, болашаққа деген сенімділікті де нығайтады. Жазамды өтеп шыққан соң балаларымды спортқа баулып, дұрыс тәрбие беремін деп шештім. Алға қойған мақсатым көп. Бүгінгі тартысты жарыс көңілімді көтеріп, серпіліс берді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», — деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: