Бейсенбі, 09 мамыр, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғандар қадағалануда

12.04.2023

600 0

Пробация есебінде тұрған сотталған азамат сотпен жүктелген мәжбүрлі еңбекті орындауда. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтар тұрғылықты жері бойынша атқарушы органдарда тиісті жазаларын орындап жатыр.
Жуырда аудандық пробация есебіне алынған Қ .есімді азамат сот тағайындаған 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті өтеуде. Атап айтар болсақ, бұл азамат ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына бір жүз сағатқа мәжбүрлі еңбек атқару міндеттелген. Өзінің айтуынша танымайтын азаматты ұрып, қалтасындағы телефонын тартып алған.
Қазіргі таңда сотталған азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көкалдандыру жұмыстарымен айналысуда.
Сотталғанның сот үкімімен жүктелеген мәжбүрлі еңбек атқаруын Қармақшы аудандық прокуратурасымен бірлесіп тексеріп, оған жаза өтеу тәртібі мен жауапкершіліктері түсіндірілді.

Б.Саулебеков
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің инспекторы
әділет майоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: