Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық бала қамаудағы әкесіне арнап өлең шығарды

04.04.2023

1480 0

Қызылордалық балақайдың қамаудағы әкесіне арнап шығарған өлеңін жәй оқу мүмкін емес. Әр жолын оқыған сайын көзіңе еріксіз жас келеді. Екі шумақ жырдан әкесін сағынған баланың ішкі сыры мен сезімі көрініс береді. Тіпті әкесін жігерлендіріп, мұңаймауға, сенімді жоғалтпауға шақырады. Жүрек түкпіріндегі сағынышын өлең еткен бала әкесін жаман атқа қалдырмайтынын да жасырмайды.

– Қылмыстық-атқару жүйесінің  Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттің мекемесінде ұзақ мерзімді кездесулерге  сотталғандардың тек жұбайлары мен жақын туыстары ғана емес, балалары да келеді, – дейді қылмыстық атқару жүйесінің мамандары.

Жазасын өтеуші Ш есімді азамат  ҚР ҚК  188- баптың 1- бөлігімен  (мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Ол алты баланың әкесі екен. Бұл азаматқа  екі ұлы мен  әйелі ұзақ мерзімді кездесуге келген. Келе алмаған ұлы өлең арнаған. Бала жүректен шыққан жыр шумақтарын беріп отырмыз.

Кездесуге бара алмадым бүгінгі,

Ақ қағазға түсірдім ақ сезімді.

Жүрегімнен жалынды жыр төгілді,

Сағынышым өлең болып өрілді.

Бір кісідей түсініп келем өмірді,

Мұңаймаңыз, жоғалтпаңыз сенімді.

Әке сенің алып жүрмін тегіңді,

Жаман атқа  қалдырмаймын өзіңді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: