Бейсенбі, 31 қазан, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша Қызылорда бірінші орында

24.10.2024

268 0

«Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бірегей жоба. Бұл мемлекеттік қолдауды шаруалар түрлі мақсатта пайдаланып жатыр. Аймақта аталған бағдарлама  мен агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіру жалғасын тапты. Бүгінгі күні «Ауыл аманаты» жобасы аясында 61 жоба несиелендірілді. Осы және өзге де кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндалды. 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбековтің айтуынша өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында бірінші орында. 

– Аймақта индустрияландыру шараларының нәтижесінде өнеркәсіптің өңдеу саласы қарқынды дамуда. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 2%, өңдеу өнеркәсібі – 28%, сауда – 6,0%, негізгі капиталға тартылған инвестиция – 25,1% артты, – деді басқарма басшысы.  

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 79 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 452 жоба несиелендірілді. Облыс аумағында 53 жаңа өндіріске қолдау көрсетілген.  

– Өздеріңізге мәлім, бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар беру қарастырылған. Биылғы жылы 5 млн теңгеге дейінгі гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл бір өнім» жеңімпаздарына арналды. Конкурстық іріктеуге 33 өтінім  жіберілді. Бүгінгі күні конкурстық іріктеу өтуде. Бұдан өзге, бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар биыл 1558 жобаға берілді, – деді Бекболат Жүнісәліұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: