Жұма, 26 сәуiр, 14:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Несие кімдерге берілмейді?

19.07.2022

1060 0

12 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Бұл заңдағы өзгерістер несиемен өмір сүруге бейімделген елді біраз қобалжытты десек артық айтқандық емес. «Енді несиесі барларға несие берілмейді екен» деген желдей ескен жаңалық бірін қынжылтса, бірін қуантты. Той маусымы басталған сәтте «енді қалай той жасаймын?» деп уайымдағандар да болмай қалмады. Бұл халықтың тұрмыс-тіршілігі түп қазығымен несиеге байланғанын байқатады. Енді заңдағы өзгерістерге сай несиені оңды-солды беруге шектеу қойылады. Анығын айтқанда, енді әрбір адамның несиесі жалпы кірістің 50 процентінен аспауы тиіс. Мамандардың түсіндірмесіне зер салсақ, қарыз алушының табысы аз және қамқорлығында кәмелетке толмаған балалар болса, онда несие бойынша төлемдердің жалпы сомасының қалдығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 37389) және әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен (18 мың теңге) төмен болмауы керек. Тағы бір атап айтарлығы, бұған дейін несие туралы ақпарат несие бюросына 15 күн ішінде ұсынылу керек болса, жаңа заң бойынша барлық қаржы институттары бір күн ішінде ақпарат беруге міндетті. Бұл қарыз алушының бір күнде бірнеше банктен несие алуына шектеу болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: