Сәрсенбі, 24 сәуiр, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылды

16.05.2022

1363 0

Осы дүйсенбіде, 16 мамырда қазақстандық банктер жылдық 4 процентпен жеңілдетілген автокредит бере бастайды.

Банктер корпоративтік рәсімдерді жүргізіп, өнеркәсіпті дамыту қорымен келісімшартқа отырды.

Қазақстанның бес екінші деңгейлі банкі жеңілдетілген автокредит береді. Мемлекет «Жасыл Даму» шотынан тиімді автокредитке 100 миллиард теңге бөлді. Қазақстанның өңірлеріндегі автобус парктерін жаңартуға шамамен 30 миллиард теңге бағытталады.

Жеңілдетілген автокредит алу шарттары

Үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасының негізгі шарттарын бекітті:

сыйақы мөлшерлемесі – 4%;

кредит сомасы – 10 миллион теңгеден аспайды;

қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;бастапқы жарна – 0%-тен бастап;көлік құралының құны – 15 миллион теңгеден аспайды.

Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейлі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуға тиіс.

Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автокредит алуға тыйым салынады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың автокредит алуға басым құқығы болады.

Спутник.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: