Дүйсенбі, 28 қазан, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Туберкулез аурушаңдығы төмендеді

24.10.2024

101 0

Қызылорда облысында 2024 жылдың 9 айына туберкулез ауруының 287 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,6%-ға төмендегенін көрсетеді. Атап айтқанда, тыныс алу жолдары туберкулезі-14%-ға, ал туберкулездің жұқпалы түрі 41%-ға азайған.
Алғаш тіркелген туберкулез ауруының 241 жағдайы немесе 84,3% тыныс алу жолдарының туберкулезі. 65 науқаста немесе 22,6% туберкулездің жұқпалы түрі анықталды.
Балалар мен жасөспірімдер арасында өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес жіктер болсақ, туберкулезбен науқастанғандардың 86% ересектер арасында, 10% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында және 3,8% жасөспірімдер арасында тіркелген. Жасөспірімдер арасындағы аурушаңдық өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 25,8-ге төмендеген.
Туберкулездің алдын алуда БЦЖ екпелерін жүргізу, Манту сынамасы және флюрографиялық тексеру жоспарының орындалуы қала, аудандар бойынша оптималды деңгейде қамтылуда.
Уақытша медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты егілмей перзентханадан шыққан сәбилер мерзімді аймақтық емдеу мекемелерінде тиісті екпе алды. Өкінішке орай 89 ана балаға екпе жасатудан бас тартты, алайда осы контингенттерге сала мамандарымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүрзізіліп, 21 сәбиге екпе жасалды.
Туберкулездің алдын алу жұмыстары өзекті мәселенің бірі. Қызылорда облыстық маслихаттың шешімімен емнің сүйемелдеу кезеңінде амбулаториялық емде жүрген туберкулез науқастарына 10 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсету жолға қойылып, 2014 жылдан бастап облыстық бюджеттен ауқымды қаржы қаралып, науқастар амбулаториялық кезеңде алатын емдерін үзбеу үшін науқастар ынталандырылуда. 2024 жылға аталған қаржы көлемі ұлғайтылып, туберкулез аурушаңдығының төмендеуіне оң әсер етуде.
Туберкулез – жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – науқас адам. Көбінесе туберкулез ауа тамшылары арқылы таралады. Аурудың негізгі белгілері: екі аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі, кеуденің шаншуы, ентігу, салмақ жоғалту, тәбеттің төмендеуі, түнгі тершеңдік, әлсіздік, тез шаршау.
Алдын алу жолдары:

  • туғаннан кейінгі 3-5 күнде жасалатын жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау;
  • науқастарды ерте анықтауды ұйымдастыру, ол тәуекел тобындағы балаларға жыл сайынғы туберкулин диагностикасын және ересектер арасында флюорографиялық тексеруді жүргізу кезінде жасалады;
  • рационалды және уақтылы тамақтану;
  • темекі шегуден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту;
  • дұрыс еңбек режимін сақтау;
  • салауатты өмір салтын ұстану.
    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиолоиялық бақылау департаменті ауруға қарсы екпені уақытылы алып, профилактикалық шараларды орындауға кеңес береді.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: