Дүйсенбі, 28 қазан, 14:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

68 жастағы әйел клиникалық өлім кезінде жұмақ пен тозақты көргенін айтты

26.10.2024

351 0

АҚШ-тағы қарт әйел клиникалық өлім кезінде о дүниені көргенін айтты. Бұл туралы Daily Mail сайты хабарлайды.

Канзас штатындағы 68 жастағы Шарлотт Холмс 2019 жылы кардиологқа барған. Дәрігер оның қан қысымын өлшеп, нәтижесін көрген соң Холмс инфаркт немесе инсульт алуы мүмкін екенін ескерткен. Бірнеше минут өткен соң Холмс инсульт алды.

Дәрігерлер әйелді сәтті реанимациялады, бірақ оның 11 минуттай жүрегі тоқтап қалды. Осы уақыт ішінде америкалық әже жұмақ пен тозақтың қалай көрінетінін білді.

Холмстың айтуынша, жүрегі тоқтағаннан кейін ол бірден жас және әдемі кейіптегі қайтыс болған туыстарын кездестірді. Ол жүктілік кезінде жоғалтқан баласын көрді. Осыдан кейін оған «жарқыраған» кейіпте Құдай келді. Ол әйелді жұмақтан тозаққа апарды. Холмс жәннаттың хош иісінен кейін тозақ иісіне тұншыққан. Ол жақтан шіріген денелердің иісі шығатынын айтады. Әйел күнәһарлардың азап шеккенін көріпті.

«Құдай маған «Егер өміріңді өзгертпесең, ақыры осы жерде болатыныңды білсін деп көрсетіп отырмын” деді. Арғы жақтан әкемнің «Қайта барып, оларға айтып бер» дегенін естідім», – деді Холмс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: