Жексенбі, 05 мамыр, 08:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қатты жел салдарынан ұшқан шатыр электр желісіне ілініп қалды

17.05.2021

4242 0

Қызылордада қатты жел салдарынан тұрғын жайдың шатыры ұшып, жоғары кернеулі электр желісіне ілініп қалған. Оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушылар төтенше жағдайдың алдын алды.

Оқиға бүгін, 17 мамырда облыс орталығындағы «Арай» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Қатты жел салдарынан тұрғын жайдың шатыры ұшып кетті.

«Жоғары кернеулі электр желісіне ілініп қалған қаңылтыр жабындыны тұрғындар өз күшімен түсіре алмаған. Содан кейін құтқарушылар көмегіне жүгінді. Оқиға барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: