Жұма, 03 мамыр, 00:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жүректі жазатын шай

13.06.2021

954 0

Көк шай күрделі флавоноид, галлат эпигаллокатехин сынды молекуларға бай. Мамандар бұл заттардың рак және нейродегенеративті аурулардың алдын алуға көмектесетінін айтады.

Британия ғалымдары жүрек талмасының алдын алуға көмектесетін пайдалы молекулалардың көк шай құрамында көп болатынын анықтады. Бұл туралы Ланкастер университетінің профессоры Дэвид Миддлтон айтып берді. Ал зерттеу жұмысы Journal of Biological Chemistry журналында жарияланды.

АpoA-I таза протеині адамның жасы ұлғайған сайын ағзада жиналып, тамыр түйіншіктерінің зақымдалуына алып келеді. Яғни адам жүрек талмасына ұшырайды. Ал көк шай өз кезегінде бұл протеиннің адам ағзасына кері әсерін тигізуіне кедергі жасайды. Десе де зерттеу жұмысының авторлары күнделікті көк шай ішудің жеткіліксіз екенін айтады. Одан бөлек, әсері күштірек болуы үшін күйзелістен сақтанып, дұрыс тамақтанып, шылымнан бас тартып, физикалық жаттығулар жасау қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: