Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақынның бар болмысы өлеңінде

10.02.2023

981 0

«Барлығы да, поэзия, сен үшін», – деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған. Ал сол талантты ақынның өшпес мұрасын аманаттаған артындағы ұрпағы өлеңдерін мәңгі өміршең етуге тиіс.

Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхананың ұйымдастыруымен поэзия тынысын өзінше кеңейткен, қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып», жаңа леп, жаңа үн қосқан ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды жыр кеші өтті.

Жыр кешіне Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Тілдерді дамыту орталығы» КММ-нің оқу әдістемелік бөлім басшысы Гүлбану Сембиева, ғылыми бөлім сарапшысы Шолпан Қайбрахман, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері және Сыр өңіріне белгілі ақындар мен белсенді жастар қатысты.

Кеште бірқатар талантты жастар Мұқағали әлеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясы, пайымдауы өзгеден бөлек жебелі жырларын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді. Кеш қонақтары «өмірден өзі өтсе де, өлеңі өшпеген» ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырларымен таныс болып, ерекше әсер алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: