Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

6 жылда алғаш рет тұрғын үй бағасы арзандады

10.01.2024

695 0

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Елордада қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 5,3%-ға төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, жылдық кезеңнің соңында бағаның төмендеуі 2017 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. 

«Астана 2023 жыл қорытындысы бойынша қайталама нарық бағасы төмендеген жалғыз қала. Желтоқсанда баға 7,8%-ке төмендеді, бірақ өткен кезеңдерде баға өскендіктен бірнеше жыл бұрынғы көрсеткіштен жоғары болып тұр. Мәселен, 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы өсім – 50%», – делінген хабарламада.

Бұл ретте, 12 айдың қорытындысы бойынша бастапқы тұрғын үй бағасы 6,7%-ға, ал желтоқсанда – 3,4%-ға қымбаттады.

«Ел бойынша тұтастай алғанда қайта сату бағасы бір жыл ішінде 1,8%-ға өсті. Ал 2022 жылдың желтоқсан айының соңына қарай олар 3,7%-ға арзандады. Соңғы айда Алматыда да баға бір жылмен салыстырғанда төмендеді (-3,8%). 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалға алу өткен жылмен салыстырғанда 16,4%-ға қымбаттады, ал желтоқсанда жылдық деңгейде бағалар 1,6%-ға қымбаттады», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: