Сенбі, 27 сәуiр, 18:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Нұрлан имам АҚШ президентінен шақырту алды

15.01.2024

339 0

Сурет: massaget.kz

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнен Америка құрама штаттарына шақырту алды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы тележүргізуші, коуч, медиатренер Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

«Әрбір жылы Америка құрама штаттарының президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал және мемлдекет басшыларына жылда ас беріп, дәм береді. Бұл қайырымдылық ас болып табылады. Сондықтан біздің елден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз жасап жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар, біздің руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз», – дейді Нұрлан имам. 

«Ас үш дүркін беріледі екен. Бірінші бір беріледі, одан кейін таңдаулыларына беріледі, сосын ең жақындарына беріледі екен. Сол үш дастарханға да мен қосылған екем. Айтар нәрсе көп. Ең алдымен біздің ел бейбіт өмірді қалаған Орта Азиядағы келешекке нық қараған мемлекетекеніміз белгілі ғой. Осы саясаттың жетегінде кетіп қалмастан, өзіндік орны бар әлемдегі үлкен дәрежесі мен мәртебесі бар, өткені бар, бүгіні бар және келешекте көзқарасы бар, нақты пікірі бар мемлекеттің айтары бар әлбетте», – дейді имам. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: