Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Қазақстан Азаматтық альянсының президентімен кездесті

02.10.2023

667 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесті.Облыс орталығында өтетін «Азаматтық қоғам және мәдениет: Қазақстанның жаңаруы бағытындағы құндылықтар мен басым бағыттар» атты XI Азаматтық форумның жұмысына сәттілік тіледі.

«Халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған азаматтық сектормен өзара іс-қимылды жетілдіруді талқылап, ұсыныс-пікірлерді ортаға салу үшін мұндай басқосулардың маңызы зор. Ықпалды азаматтық қоғам – мемлекет дамуының негізі. Бұқара мен билік арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдардың атқаратын рөлі ерекше. Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын аймақта сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам өкілдерімен бірлескен жұмыстарды жандандыру біз үшін үлкен маңызға ие. Қоғамның осал топтарымен жұмыс жүргізу, өңірдегі проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу – мемлекет пен азаматтық ұйымдардың ортақ міндеті. Сол себепті, біз әріптес ретінде үкіметтік емес сектордың бастамаларына қолдау білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Өз кезегінде Қазақстан Азаматтық альянсының президенті облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін айтты. Сыр өңіріндегі үкіметтік емес ұйымдардың іргелі істері мен тың бастамаларына жасалған мемлекеттік қолдаудың нәтижесі оң өзгерістерге жол ашты. Өткен жылы ашылған Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы өңірдегі азаматтық бастамалардың дамуына, үкіметтік емес ұйымдардың сапалық құрамының артуына және қоғамдық өмірдің жандануына септігін тигізуде. Бүгінде ресурстық орталық қоғамдық ұйымдарға қажетті барлық материалдық-техникалық жабдықтармен және теориялық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген. Орталықта департамент және басқарма басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен кездесу кестесі бекітіліп, кездесулер апта сайын өтеді. Бұл мекеме басшыларына ұсыныстарды жеткізуге, мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: