Құрылтай

Сәрсенбі, 12 тамыз, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60 (2272)
11.08.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандық жүк экспорты 17% өсті

16.04.2026

440 0

Фото: Kazinform

2026 жылдың басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 9,3% ұлғайды. Бұл көрсеткіш инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді кеңейтуге байланысты болып отыр, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық жүк экспорты 17% өсіп отыр, оның ішінде темір кенін, қара металдарды, агроөнеркәсіптік кешен мен мұнай өнімдерін тасымалдау ұлғайды.

Осы ретте айта кететін мәселе – еліміздің транзиттік әлеуеті нығайып келеді. Қытаймен қатынаста транзиттік жүктердің көлемі 8% өсті. Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан транзитпен жүктерді тасымалдау 27% өсімді көрсетті.

ҚТЖ инфрақұрылымның транзиттік тасымалдардың одан әрі өсуіне дайындығын қамтамасыз ете отырып, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде елдің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

-Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдаудың оң қарқыны байқалады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайдан ТХКБ бойынша 125 контейнерлік пойыз жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 34,4% жоғары,-делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: