Қазақстандықтардың депозитте жинаған қаржысы 2026 жылдың наурызында 26,2 трлн теңгені құрады. Жыл басында 26,1 трлн теңгеден 25,9 трлн теңгеге азайып кеткен депозиттер кейінгі екі айда аз ғана өсім байқатты. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында жазылған, – деп хабарлайды kursiv.media
Жалпы депозиттік ұйымдарда 46,6 трлн теңге депозит жинақталған. Оның 20,4 трлн теңгесі банктерден басқа түрлі компаниялардың қаржысы болса, қалғаны – халықтың жиған-терген ақшасы.
Осы 46,6 трлн теңгенің 37,3 трлн теңгесі ұлттық валютада сақталған. Теңгедегі депозиттердің 21,6 трлн теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі болса, 15,6 трлн теңгесі – бизнестің депозит шотындағы қаржы.
Ал 9,5 трлн теңгесі – шетел валютасында жинақталған қаржы. Соңғы айларда халық пен бизнестің валютада сақтаған депозиті азайып бара жатқаны байқалады.
Мәселен, ақпан айында бизнестің 4,8 трлн теңгеден аса ақшасы шетел валютасында сақталса, наурызда бұл көрсеткіш 4,7 трлн теңгеге дейін азайған. Ал халық шетел валютасында ашылған депозитінен бір айда 150 млрд теңгеден аса ақшасын алып алған.
2026 жылыбанктер теңгелік депозиттердің пайызын отыз жылдағы ең жоғары деңгейге көтерді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
