Бейсенбі, 02 мамыр, 01:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Жеке құрамды біліксіз басшылардан тазарту қажет»: Тоқаев Ішкі істер министрлігін аттестациялауды тапсырды

22.01.2024

261 0

Фото:  Stan.kz

Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қоғаммен бірге полиция да түбегейлі өзгеруге тиіс екені айтылды. 

“Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт оған сенеді, оны қорған көреді. Өкінішке қарай, тәртіп сақшыларының бәрі сондай деп айта алмаймыз. Ауыр қылмыс жасаған қызметкерлер анықталып жатыр. Соңғы кезде мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Бұған жол бермеуіміз керек және ондай әрекеттерді мүлдем ақтауға болмайды. Осындай жағдайлар бүкіл жеке құрамның жұмысын бір сәтте жоққа шығарады. Ондай адамдарды полиция қатарынан шығару қажет. Олар биліктің абырой-беделін түсіреді. Қызметкерлерін дер кезінде тәртіпке салмаған басшылар мәселесін де қарау керек”, – деді президент.

Алқа отырысы барысында Тоқаев орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы ішкі істер министрінің ұсынысын қолдады.

“Министрлік сынақ кезінде табандылық танытуға тиіс. «Бармақ басты, көз қысты» болмауы керек. Алайда аттестация біреуден есе қайтарудың құралы болмауы керек. Басты мақсатымыз – жеке құрамды біліксіз және жұмысына адал емес басшылардан тазарту, яғни кәсіби кадр резервін жасақтау. Сонда ғана ахуалды түбегейлі өзгерте аламыз”, – деді ел басшысы.

Президент әкімшілігіне жұмысты бақылауда ұстауға тапсырды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: