Сейсенбі, 12 мамыр, 12:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Премьер-министр шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы бастауды тапсырды

12.05.2026

64 0

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары көрші елдермен бірлесе жүзеге асатынын айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегірткенің таралуына тосқауыл қою жұмыстары қалай іске асырылып жатқанын сұрады.

– Ең бастысы, бұл мәселедегі жұмыстарды уақытылы жүзеге асыру керек. Техника мен химикаттар бар, – деді Үкімет басшысы.

Өз кезегінде А.Сұлтанов министрлік болжамы бойынша көршілес елдерде зиянкестердің таралуы 1,2 млн гектар екенін айтты.

– Барлық көрші елдермен әрекет етудің арнайы алгоритмі қарастырылды. Қазіргі уақытта шекарадағы маңызды учаскелерде мониторинг жүріп жатыр. Енді аталған алгоритм бойынша зиянкестердің ошақтары анықталған жағдайда, екі жақтан да техника жіберіледі. Жалпы, елімізде шегірткемен күресте алаңы 2,2 млн гектар жерді өңдеу жоспарланған. Оңтүстік өңірлерде бұл жұмыстар аясында химиялық өңдеу басталып кетті. Бұл бағытта тиісті қаражат қарастырылған, – деді вице-министр.

Еске салсақ, Қазақстанда биыл шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының болжамды көлемі 2,2 млн гектар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: