Сәрсенбі, 01 мамыр, 06:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қарасора-2023» шарасы аясында 14 есірткі алқабы анықталды

05.11.2023

373 0

Ағымдағы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында республика көлемінде «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментімен ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесінде: 163 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 10 есірткі өткізу, 16 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 1 есірткі жарнамалау, 62 есірткі өсіру дерегі және 74 теріс қылық анықталды. Заңсыз айналымнан 2 тонна 284 кг. 959 гр. есірткі заты алынды.
Далалық аймақтардан егіп-бапталған 22 ірі есірткі алқаптары табылса, үй, бау-бақша, саяжай аулаларынан 40 дерегі анықталған. Есірткі өсірумен айналысқаны үшін 61 адам құрықталса, оның 24-ы қамаққа алынды.
Оқиға орнында жойылған 17 мың 828 түп сора өсімдігі қыркүйек, қазан айларына дейін пісіп-жетілгенінде әр түптен шамамен 500 гр.-нан есептегенде, жалпы 10 тоннаға дейін сапасы жоғары марихуана шикі өнімінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап, баруы қиын құмды далалық аумақтарға 42 рет әуеден шолу жұмыстары жүргізілді. Бірлескен іс-шаралар нәтижесінде есірткі алқабының 14 дерегі анықталды.
Іс-шара кезінде Қызылорда қаласына кіре-беріс тас жолдарда құрылған жылжымалы мобильді бекеттерде автокөліктерді қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен тексеру барысында есірткі тасымалдаудың 27 дерегі, оның ішінде Орал, Ақтөбе, Атырау қалаларына аса ірі мөлшерде тасымалдаудың 3 дерегі анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: