Жексенбі, 28 сәуiр, 17:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы партияның бақылауында

16.11.2023

426 0

Партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Есжанов «AMANAT» партиясының Жол картасындағы «Қорқыт Ата» атындағы әуежай терминалының құрылыс жұмысымен танысты.
«Қорқыт Ата» әуежайының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Меценат жерлесіміз Болат Өтемұратов атындағы қордың демеушілігі негізінде салынып жатырған жаңа терминал келесі жылы ел игілігіне табысталмақ.
▶️ бүгінде жаңа терминал нарықтағы озық техникалық жабдықтармен жасақталуда;
▶️жоба құны – 20 миллиард теңге болса оның 15,7 миллиард теңгесі демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы;
▶️жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген;
▶️тапсырыс беруші: «Болат Өтемұратов Қоры»;
▶️бас мердігер:»ELITE INSAAT» және «AVA CONSTRUCTION» ЖШС;
▶️бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады;
▶️құрылыс нысанында 300 адамнан тұратын 8 бригада еңбек етуде;
➡️жұмысшылардың ең төменгі жалақысы – 250 000 теңге;
▶️құрылыс нысанында еңбек ететін азаматтардың 40% жергілікті тұрғындар;
▶️құрылыс жұмыстары 68%-ға орындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: