Сәрсенбі, 22 сәуiр, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

RES 2026 саммиті: Астанаға бірқатар ел басшылары келді

22.04.2026

54 0

Фото: ҚР Үкіметі

Елордада өтетін RES 2026 халықаралық экологиялық саммитіне қатысу үшін бірқатар мемлекет басшылары мен үкімет өкілдері Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

Шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадов және Грузия Президенті Михаил Кавелашвили қатысады. Саммит 22-24 сәуір аралығында өтеді.

RES 2026 саммиті: Астанаға бірқатар ел басшылары келді

– Халықаралық RES 2026 экологиялық саммиті аясында мемлекеттер арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты даму мәселелері талқыланады, – делінген ресми ақпаратта.

RES 2026 саммиті: Астанаға бірқатар ел басшылары келді

Ауқымды іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге қарсы іс-қимыл және «жасыл» технологияларды дамыту бағыттары күн тәртібіне шығарылады.

Айта кетейік, cаммит аясында RES 2026 EXPO көрмесі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: