Дүйсенбі, 17 маусым, 13:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Жастар есірткіге қарсы үндеу жасады

16.11.2023

490 0

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында, Қызылорда облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы үндеу жазып, БАҚ жариялау сайысын ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Балалар үндеу әзірлеп, оны БАҚ жариялап, Инстаграм желісіндегі парақшаларына салу арқылы сайысқа қатысты. Сайысты бағалауға жергілікті тілшілер атсалысты.
Байқау екі кезеңде өтті. Іріктеу турын білім бөлімдерінің өкілдері өткізді, үздік жұмыстар облыстық сайысқа қатысуға бағытталды, оған 27 оқушы, студент қатысты. Олар өз мақалаларында құрдастары мен бұқара қауым арасындағы нашақорлық мәселелерін қол жетімді жолмен түсіндірді. Ұсынылған жұмыстарға өңірдің журналистері баға берді.
Байқауға қатысушылар өз ойларын білдіре отырып, түрлі ақпаратты пайдаланды, өз үндеулері мен жазбаларында нашақорлық мәселесін көрсетіп, жария етуде шеберлік танытты.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес: 7 қатысушы алғыс хаттармен марапатталады, 17 адам аймақтық жеңімпаздар, ал облыстық жеңімпаздар болып: Арал ауданы №№220,14 орта мектеп, мектеп – лицейінің оқушылары Жеңісұлы Рамазан мен Қосанов Еркебұлан және Қызылорда қаласы Абай атындағы ДБА мектеп оқушысы Шахмардан Рамазан белгіленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: