Құрылтай

Дүйсенбі, 03 тамыз, 12:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№57 (2269)
01.08.2026
PDF мұрағаты

1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі қымбаттады

03.08.2026

46 0

Фото: Pixabay

KAZINFORM – 1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті.

Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен сүзгілі және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне белгіленетін ең төменгі бөлшек сауда бағасына өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында сүзгілі және сүзгісіз 20 тал темекінің, папиростың, сигарилланың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 970 теңге болған.

Сондай-ақ құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған өнімдердің бір қорабының ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1120 теңгеге дейін көтерілетіні көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: