Құрылтай

Сейсенбі, 04 тамыз, 16:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58 (2270)
04.08.2026
PDF мұрағаты

Бас әскери прокуратураның Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры тағайындалды

04.08.2026

38 0

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Бас әскери прокуратураның Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры лауазымына тағайындалған Снопов Роман Федорович таныстырылды.

Жаңадан тағайындалған басшыға нақты тапсырмалар жүктелді.

«Роман Федорович өзіне жүктелген жауапты қызметті абыроймен атқарып, аймағымызда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолында нәтижелі еңбек етеді деп сенеміз. Жаңадан тағайындалған әріптестерімізге табыс тілейміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Роман Федорович 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде бастап, кейін Қызылорда әскери прокуратурасында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: