Дүйсенбі, 31 тамыз, 12:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65 (2277)
29.08.2026
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы Құрылтайда Вице-президент лауазымына кандидатураны ұсынды

31.08.2026

42 0

Фото: Ақорда

Бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. 

Атап айтқанда, Вице-президентті Президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң Президент Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізеді.

Ерлан Қарин осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Білімі:

– К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді (1996 ж);— Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді (1999 ж).

Еңбек жолы:

– Ақтөбе қаласының № 33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж);– Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары (1998 ж);— Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж); –  ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж); – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры (2003 ж);–  Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы (2004 ж);

– Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006 ж);— ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж);— «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы (2008 ж);— Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры (2013 ж);— ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж);— «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2017 ж);— ҚР Президентінің кеңесшісі (2019 ж. сәуір — 2020 ж. шілде);— ҚР Президентінің көмекшісі (2020 ж. шілдеден бастап);— ҚР Мемлекеттiк хатшысы (2022 ж);

–  ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (2022 ж).

Айта кетейік, бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсынысты қашан енгізетінін айтты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: