Сейсенбі, 16 сәуiр, 11:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Несие ауқымы артпақ

23.12.2020

751 0

«Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткері Мұхиджан Кәрімбаев шаһардағы жас кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуда сайлауалды бағдарламадағы негізгі мақсат-міндеттер талқыланып, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы жобалармен бөлісті. Сондай-ақ, жиында қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, цифрландыру мәселесі мен өндірісті дамыту жайлы ашық пікірін білдіріді.

          – Заман талабына сай цифрландыруға басымдық беруіміз керек. Жастар тәжірибе жинақтап, білім сапасын арттырған дұрыс. Осы және өзге де бағытта қолдау көрсету партия бағдарламасында қарастырылған. Аталған жоспарларды орындау үшін сіздердің қолдауларыңыз үлкен сенім береді, – деді Мұхиджан Кәрімбаев.

          Сонымен бірге, партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен грант ұсынуға басымдық беру көзделген. Үміткер мемлекеттік бағдарламалар аясында «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 450-ден аса азамат өз кәсібін ашуға мүмкіндік алатынын жеткізді. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кем дегенде 20 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсыну да бағдарламада қамтылған.

          Жиын соңы жас кәсіпкерлер мен үміткер арасындағы ой-пікір алмасу бағытында өрбіп, қатысушылар көкейде жүрген сауалдарына толымды жауап алды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: