Жұма, 03 мамыр, 15:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қайырымдылық – қадірлі іс

19.08.2023

143 0

               19 тамыз – Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні. Бұл дата елімізде 2009 жылдан бері атап өтіледі. Осыған орай, Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қызыл-ай» қоғамының Қызылорда облыстық филиалының директоры Абзал Байманов ұйымның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

               –ҚР «Қызыл-ай» қоғамдық ұйымы гуманитарлық салада белсенді көмек көрсететін бірден-бір мекеме болып табылады. Бүгінде елімізде «Қызыл-ай» қоғамының 18 филиалы жұмыс істейді және 100 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған. Бұдан бөлек, біздің ұйым облыстағы бірнеше мекемелермен бірлесіп, түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Атап айтқанда, жақында өткен Құрбан айт мерекесінде әлеуметтік жағдайы төмен 75 отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 50 балаға оқу-құралдары беріліп, толықтай киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, біздің ұйымның ықпал етуімен осы жылдың ақпан айында әлеуметтік тұрмысы төмен балаларға 400 мың теңге көлемінде қысқы мезгілге арналған киімдер берілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деді директор Абзал Нұрділдаұлы.

               Ал облыстық «Волонтерлар фронт-офисінің» тікелей қолдауымен 18 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұдан бөлек, облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Волонтерлар фронт-офисінің» ұйымдастыруымен шалғайдағы елді мекендерде көшпелі әлеуметтік жәрмеңке ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам тұрғын өзіне қажетті заттарды таңдап алған.

               –Жыл көлемінде біздің ұйым арқылы облысымыздағы жомарт жандар әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Мәселен, айт мерекесі күндері облыстағы 10 мыңнан астам жанұя мен балалар үйі, қарттар үйі және ауруханаларға 116 тонна құрбан еті үлестірілді. Сонымен қатар, Президент қорынан 50 отбасына азық-түлік себеттері таратылса, жергілікті «Абай-Дәулет» ЖШС мекемесі облыс тұрғындарына 460 тонна картоп өнімін тегін таратты. Ендігі кезекте жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы жүргізілуде. Бұл науқанға да өз үлесімізді қосатын боламыз, – деді жетекші Болатбек Серікбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: