Жексенбі, 28 сәуiр, 13:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанды жаяу аралаған қарияға пәтер берілді

11.10.2022

807 0

Қазақстанды алты ай ішінде жаяу аралаған қария Сәрсенбай Қотырашовқа «Қазақмыс» компаниясы баспана сыйлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде бүкіл елді аралап шыққан болатын. Қария Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жетті. Ол барлығы 8000 шақырымды жүріп өтті.

«Бұл шынымен, керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісіңіз жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан Сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің  осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін  табыстаймыз», – деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС бас директоры Нұрахмет Нұриев.

Айта кетейік, Қазақмыс компаниясы Сәрсенбай Қотырашовке жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтер сыйға тартты.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: