Құрылтай

Сейсенбі, 04 тамыз, 18:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58 (2270)
04.08.2026
PDF мұрағаты

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

04.08.2026

35 0

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Президент Әкімшілігінің келісімі және Бас прокурордың бұйрығымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Әйтімбетов Мақсат Абдурахымұлы таныстырылды.

Жаңа басшыға сала жұмысына қатысты нақты тапсырмалар жүктелді.

«Мақсат Абдурахымұлы өңіріміздегі құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын нығайтуға үлесін қосады деп сенеміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мақсат Абдурахымұлы 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2009 жылы ішкі істер органдарында бастап, әр жылдары прокуратура органдарында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

ҚР Бас прокуратурасының аға прокуроры, Қарағанды облысы Абай ауданының прокуроры болған.

2025 жылдың сәуір айынан Алматы облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: